деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Тапсыру салтанатынан кейін сұхбаттасу өтіп, оның барысында Конфедерация президенті екіжақты қатынастардың қазіргі жай-күйіне жоғары баға берді және Швейцарияның Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.
Өз кезегінде М.Тілеуберді сұхбаттасушысын Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуіне даярлығымен, «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуымен және республикадағы ағымдағы экономикалық жағдаймен таныстырды.
Сұхбат соңында Х-Рудольф Мерц ҚР Президенті Н.Назарбаевқа және Қазақстан халқына өзінің ең ізгі тілегін жеткізуді өтінді.