«Былтыр Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты болды. Бірақ сырттан вирус жұқтырып келу жағдайлары тіркелді. Үндістаннан 5 адам тырысқақ жұқтырып келген. Тағы 1 адам Шығыс Африканың Танзания елінен безгек ауруын алып келді», - деді департамент басшысы Айзат Молдақасымова.
Оның айтуынша, науқастар елге оралғаннан кейін бірден санэпидемиологтар қажетті шаралар жасаған.
«Дер кезінде зарарсыздандырудың нәтижесінде безгек пен тырысқақтың таралу оқиғасы болмады», - деді ол.