Бес әріптесін өлтірген америкалық әскери қызметші өмір бойына сотталды
12:57, 17 Мамыр 2013
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - 2009 жылы өзінің 5 қызметтесін өлтірген америкалық сержант Джон Рассел шартты түрде-мерзімінен бұрын босау құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
14 жылдық еңбек өтілі бар әскери қызметші прокурорлар оған өлім жазасын сұрамау үшін адамдарды алдын ала ойластырмай өлтіргендігін мойындаған, бірақ, келісімге сәйкес олар кісі өлімі қасақана жасалғандығын дәлелдеуі мүмкін еді. Сот адам өлімдері қасақана жасалды деп шешті.
Еске сала кетейік, Дж. Рассел Бағдаттың батысында орналасқан Camp Liberty әскери базасында әріптестеріне қарсы оқ боратқан. Ол өзінің әрекетін жүйке жүйесінің сыр беруінен болғанын айтты.