«Алты аптаға дейін демалуға тура келеді. Ота жасамайтыны жақсы жаңалық болды. Қорқатындай ештеңе болған жоқ, алайда жарақат одан әрі шоуға қатысуыма мүмкіндік бермейді», - дейді спортшы.
The Jump - британдық телеарна шоуы. Оның аясында танымал адамдар қысқы спорт түрлерінен өзінің мүмкіндігін сынап көреді. Уиггинс таудан шаңғы тебу уақытында жарақат алды.
Уиггинс 2016 жылы желтоқсанда мансабын аяқтайтынын хабарлаған. Ол тректе вело жарыстарда 4 олимпиадалық алтын және тас жолдағы жарыста жоғары жетістігі үшін бір алтын еншілеген.