АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты «Бес институттық реформа - ел дамуындағы жаңа кезең» атты сарапшылар форумын өткізді.
Форум барысында бес институционалды реформаны жүзеге асырудың «100 нақты қадамы» - Ұлт жоспары, мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері, Мәңгілік ел және біртұтас ұлт құрудың жолдары кеңінен талқыға салынды.
Шараға ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, депутаттар, Қазақстанның белгілі сарапшылары қатысты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.