Бес қабатты үй опырыла құлап үш адам қаза тапты, 9-ы жарақаттанды
10:21, 04 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейсенбіде мысырлық Эль-Мансура қаласында бес қабатты тұрғын үй опырыла құлап үш адам қаза тапты, тағы тоғыз адам жарақат алды, деп хабарлады медициналық дереккөздерге сілтеме жасап "Youm7" басылымы.
Басылым құлаған үй көптен бері апатты жағдайда тұрғанын атап өтеді. Үйінді астында қаза болғандардың ішінде - жеті жасар қыз да бар.
Эль-Мансура Каирден солтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде орналасқан.
Статистикалық деректерге сәйкес Мысырда тұрғындар үшін қауіп тудыратын 2 млн жуық үй бар. Мемлекеттік қызметтер заңсыз салынған құрылыстарды сүру туралы 100 мыңнан астам қаулы шығарды. Алайда олардың басым бөлігі орындалған жоқ.