Бес қалада ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін – Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM - «Қазгидромет» РМК еліміздегі метеорологиялық жағдайға болжамын жариялады.

Фото: Pexels

Синоптиктердің болжамы бойынша 6 қазанда Павлодар, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, түнде Қостанай қалаларында ауаның ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай болуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.