Бүгін заңдастырудың бесінші күні 24 438 өтінім алдын ала мақұлданды.
3 652 авто заңдастырылды.
Көлік иелеріне қазақстандық техпаспорт пен мемлекеттік нөмір берілді.
Айта кетейік, 24 желтоқсанда Қазақстанда 333 адам шетелдік көлігін заңдастырып, жаңа нөмір алған.
Науқанның үшінші күні 879 жүргізуші, ал кеше, төртінші күні 1990 адам жаңа құжат алды.