Бес министрлік есеп береді - Мұрат Жұманбай
13:13, 20 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбайдың айтуынша, ағымдағы аптада бес бірдей министрлік өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ағымдағы жылдың жоспарларын жариялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Атап айтқанда, бүгін, ақпанның 20-сы күні ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, 21 ақпанда ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 23 ақпанда ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Қаржы министрлігі, ал 24 ақпанда ҚР Білім және ғылым министрлігі кеңейтілген алқа отырыстарын өткізеді", - дейді Жұманбай.
Оның айтуынша, барлық отырыстарда бірінші басшылар баяндама жасайды.
Айта кетейік, бүгінгі брифингте Мұрат Жұманбай Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты құрылған тергеу комиссиясының құрамын жариялады . Бүгіннен бастап Орталық коммуникациялар қызметіндегі апталық брифингтер жаңа форматта өтетін болды .