Бес мың тонна болат тиелген жүк кемесі суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Чанпин» жүк кемесі Шанхай маңында Янцзы өзеніне батып кетті. Синьхуа агенттігінің хабарына қарағанда, экипаждың он мүшесі із-түзсіз жоғалған, үшеуін құтқарудың сәті түсті.

Ақпараттарға сәйкес, кемеге бес мың тонна болат тиелген. Қазіргі кезде іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған оннан астам катер жұмылдырылған.


Иллюстрациялық фото