Бес облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бес облыс аумағында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

30-31 желтоқсанда Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады.

30 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Ертең түнде және таңертең Оралда тұман түседі.

30 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Ертең түнде және таңертең Ақтөбе қаласында тұман болады.

30 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

30 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 27-32 градусқа дейін күрт төмендейді, 31 желтоқсанда түнде, 1 қаңтарда минус 30-35, кей жерлерде 38 градус қатты аяз болады.