Бес реформа Қазақстанды бұрын-соңды болмаған жаңа сатыға көтереді - Н. Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы бес реформа Қазақстанды бұрын-соңды болмаған жаңа сатыға көтереді. Бүгін Ақордада қайта жасақталған Үкіметтің алғашқы кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Айқындалып отырған жұмыс оңай емес, өте ауқымды. Білімді, күш-жігерді қажет етеді. Басқа елдің тәжірибесін зерделей отырып, атқарылатын шаралар. Бұл Қазақстанды бұрын-соңды болмаған жаңа сатыға көтереді. Барлық мемлекеттер Қазақстанды бақылап, күтіп отыр. Сол үшін халықтың ойлағанынан шығауымыз керек. Ең бастысы, баршаңызда тәжірибе де, білім де, біліктілік те бар, жағдай толық жасалған. Ендеше, тек жұмысқа кірісу керек», - деді Н. Назарбаев.