Тікұшақ Доминикан республикасының солтүстігіндегі Пуэрто Плата курортынан елдің оңтүстігіне орналасқан Ла Романа қаласына бет алған.
Алдын ала ақпаратқа қарағанда, ұшақ құлаған.
Азаматтық авиация министрлігінің өкілі басылымға іздеу-құтқару операциясы басталғандығын айтты.
Іздеу шараларына Доминиканның әскери-әуе күштері қатысуда. Сондай-ақ екі тікұшақ, Aeroambulancia компаниясының түнде көру приборларымен жабдықталған жедел медициналық жәрдемі тартылған.
Әзірге із-түзсіз жоғалған туристердің қай елден келгендігі хабарланбай отыр.
Алдын ала болжам бойынша, тікұшақ Ла Роман аумағындағы теңіз жағалауына құлаған.