Бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне бағытталған веломарафонның ашылу салтанатында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов осылай деді.
«Бұдан бес жыл бұрын велоспортпен айналысатындардың үлес салмағы қала халқының жалпы санына шаққанда 0,5 пайыздай ғана болатын. Ал бүгінде қалада велосипедтер мен спорттық керек-жарақтарды сататын дүкендердің саны 2,5 есеге артты. Сонымен қатар, велосипед жөндейтін 21 шеберхана жұмыс істейді. Яғни жаңа жұмыс орындары ашылды. Және ең бастысы, алматылықтар өз денсаулықтарына көп көңіл бөле бастады. Бұл түсінікті де. Өйткені веломарафонның басты мақсаты - саламатты өмір салтын насихаттау» - деді қала әкімі.
Бүгінгі веломарафонға барлығы 1,5 мыңға жуық адам қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ұйымдастыру комитеті 26 сәуірге жоспарланған веломарафонды ауа райының қолайсыздығына байланысты бүгінгі күнге ауыстырған болатын.