Ағымдағы жылдың басында өткен сайлаудың нәтижесіне орай 2012 жылдың қаңтарында ресми түрде жұмысқа кіріскен көппартиялы Парламент өткен 5 айдан астам уақыт аралығында елдің дамуына, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға серпін беретін аса маңызды құжаттарды қабылдады.
Атап айтқанда, сессия барысында Парламент қоржынына 70-тен астам заң жобасы келіп түссе, соның 39-ын Мәжіліс мақұлдап, 36-сы Парламентпен қабылданды. Осы қабылданған заңның 22-сіне ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойып, құжаттар заңды күшіне енді.