Бесінші алтын: Еркінғали Бүркіталин Азиада чемпионы атанды

НАГОЯ.KAZINFORM — Қазақстандық спортшы Еркінғали Бүркіталин Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында топ жарды.

Фото: ҰОК

Отандасымыз ерелер арасында (77кг) аралас жепе-жек спортынан дәстүрлі стил бойынша жарыс жолына шығып, ақтық сында Бахрейн спортшысы Мұхаммед Набиевті 3:0 есебімен қапы қалдырды.

Айта кетерлігі, қазақстандық спортшы осыған дейін үш айқаста Қытай Тайпэй спортшысы Лин Миндян, Оңтүстік Корея өкілі Юун Таэон және филиппиндік Алварес Карлосты таза жеңді.

Қазақстан құрамасы қазіргі уақытта 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық спортшылар бүгін 17 спорт түрінен жарыс жолына шығады.