Бесінші алтын: Наталья Богданова әлем кубогында жеңіс тұғырына көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан World Boxing аясындағы әлем кубогында Наталья Богданова (70 келі) чемпион атанды.
Финалда Наталья аустралиялық Лекейша Перголитимен қолғап түйістірді.
Бірінші раунд қазақстандық боксшының пайдасына аяқталса, одан кейін де қарсыласының басымдығы байқалды. Шешуші раундта Наталья соққыны көбірек жұмсауға тырысты.
Нәтижесінде қазақстандық боксшы қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Наталья Богданова 1999 жылы дүниеге келген. 2025 жылы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанса, 2022 жылы Жазғы Азия ойындарында үздік үштіктен көрінді.
Бұл - ел құрамасы қоржынына түскен бесінші алтын медаль.
Еске салсақ, бұдан бұрын Назым Қызайбай (48 келі), Махмуд Сабырхан (55 келі), Бекзад Нұрдәулетов (85 келі), Виктория Графеева (60 келі) чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Енді финалда Алуа Балқыбекова (51 келі), Санжар Тәшкенбай (50 келі), Надежда Рябец (75 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Елдана Тәліпова (80 келіден жоғары), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) алтын жүлдені сарапқа салады.
Ал ел құрамасынан Нұрбек Оралбай (80 келі) күміс алса, Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Айдана Забынбекова (57 келі), Аида Әбікеева (65 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі) қола жүлдені қанағат тұтты.