өйткені оларға енді лауазымды өкілеттіктерін теріс пайдалануды жүктемей, ауыр жемқорлық бабын немқұрайлыққа ауыстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Сотталушы Татьяна Гуктың қорғаушысы Жан Омаровтың хабарлауынша, іс жаңаша қарастырыла бастады.
«Кеше, 8 ақпан күні менің қорғауымдағы Т.Гук пен Сергей Гребенщиковтың ісі бойынша жарыссөздер өтті. Мемлекеттік айыптаушы ҚР ҚК-нің 307 бабының 4 бөлімін - «Ауыр зардаптарға әкеліп соқтырған қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануды» ҚР ҚК-нің 316 бабы - «Немқұрайлыққа» ауыстыруды сұрап, екі сотталушыға да 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын беруді, рақымшылықты есепке ала отырып, оларды жазадан босатуды сұрады», - деді қорғаушы.
Іс бойынша үкім 18 ақпанда шығарылады деп күтілуде. Бұдан басқа, алдағы дүйсенбі, 11 ақпан күні Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы сотында «Бесобамен» байланысты тағы бір іс - Виктор Иванов пен Дәулет Алтынбековтың ісі бойынша жарыссөздер өтеді.
Бұрын хабарланғандай, бұған дейін Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-гі үйлердің салынуына қатысқан жобалаушылар мен құрылысшылар рақымшылыққа ілінді. Рақымшылық заңын қолдану туралы сәйкестендірілген қаулыны Қарағанды облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының тергеушісі қабылдады. Бұл құжатқа сәйкес, «Бесоба» тұрғын үй кешенін жобалауға және салуға қатысқан лауазымды тұлғалар жаңадан салынған үйдің құлауында, сондай-ақ «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі барлық бес үйдің құрылыс нормалары мен ережелері бұзыла отырып тұрғызылуында өздерінің кінәлары болғандығын мойындады. Олар ҚР ҚК-нің 245 бабы және ҚР ҚК-нің 245-1 бабы бойынша айыпталды.
Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-дегі 5 қабатты үйдің 4-кіреберістік блок-секциясы опырылып құлады. Бұл үй үш жыл бұрын үлескерлердің қатысуымен салынған еді. Бұған дейін аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын.
Қазіргі кезде зардап шеккен үлескерлерге қала билігі жаңа үйлер берді. «Бесобадағы» басқа барлық тұрғын үйлер апатты деп танылды. Бүкіл кешенді бұзып, оның орнында жаңа көпқабатты үйлер салу жөнінде шешім қабылданды.
Бұл үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Алданған тұтынушылардың ақшаларын өзімен бірге алып кеткен компанияның басшысына іздеу жарияланды.