Бесоба ісіне байланысты Қарағанды облысы МСҚБ басқармасының бұрынғы басшысы үш жылға сотталды

None
ҚАРАҒАНДЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудандық сотында Бесоба ісіне байланысты Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бұрынғы басшысына үкім шығарылды,

деп хабарлады агенттік тілшісі.

«А. Воробьев ҚР ҚК-нің 307 бабы, 4 бөлімі бойынша (Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік бабын асыра пайдалану) кінәлі деп танылып, жалпы режімдегі түзеу мекемесінде өтеумен үш жыл мерзімге жаза тағайындалсын», - деді үкімді жария еткен Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның судьясы Бақыт Ахметова.

Сонымен қатар оның мемлекеттік қызметте жұмыс жасауына 3 жылға тыйым салынды. Сот жәбірленушілердің азаматтық шағымдарын қараусыз қалдырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

А. Воробьев мәлім еткендей, ол үкіммен келіспейді. «Арызданамын, соңғы инстанцияға дейін күресетін боламын», - деді ол журналистерге.