Күдікті жүргізуші дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сот санкциясымен оған екі айға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық істің тергелуі Ішкі істер министрлігінің бақылауында.
Айта кетелік кеше Абай облысындағы жол апатынан кейін Президент тапсырмасымен әскери ұшақ аттанған еді. Бүгін зардап шеккен балалардың жағдайы туралы жазған едік. Сонымен қатар Абай облысының әкімдігі оқиғаның мән-жайын айтқан еді. Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары.