Айта кетейік, көлік қаққан алты баланың үшеуі көз жұмып, тағы үшеуі дәрігерлердің бақылауында жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен көмек көрсету үшін Астанадан ҚР Қорғаныс министрлігі әскери-көлік авиациясының ұшағымен Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері жеткізілді.
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес, марқұмдардың отбасыларына жерлеу рәсіміне қатысты барлық қолдау шаралары ұсынылады.
Әкімдік баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға орнында облыс әкімі орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы жұмыс істеп жатыр.
– Жағдай ерекше бақылауда, – делінген хабарламада.