Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 10 наурызында түнгі уақыт 23:00-дерде Степногорск қалалық ІІБ криминалды полиция қызметкерлері Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінің аумағына заңсыз кірген 4 адам ұстады. Тексеріс барысында күдіктілерден 15 келі кварц рудасы тәркіленді.
«Күдіктілердің бірі Павлодар қаласының 54 жастағы тұрғыны болса, екіншісі 47 жастағы -астаналық, қалған екеуі 48 және 49 жастағы жергілікті тұрғындар.
Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 334 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.
Еске сала кетейік, өткен жылы Бестөбе кентіндегі шахталардың аумағынан 800-ден астам заңсыз алтын рудаларын ұрлаушылар ұсталып, 7 тоннадан астам құрамында алтыны бар кварц рудасы тәркіленді.