Бестөбедегі шахтаға заңсыз кірген ер адам тірідей көміліп қалды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Қазақалтын» ТКМК» АҚ-ның Бестөбе кентіндегі  шахтасына заңсыз кірген 44 жастағы ер адам топырақ үйіндісінің астында тірідей көміліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТЖД баспасөз қызметінің дерегі бойынша, келеңсіз жағдай 2017 жылдың 29 қазанында Степногор қаласына қарасты Бестөбедегі «Западный» шахтасына болған.

«1973 жылғы ер адам шахтаға заңсыз кіріп, құрамында алтыны бар руданы ұрламаққа әрекеттенген.  Осы кезде,шахта ішіндегі топырақ опырылып кетіп, ер адам ажал құшты. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.