Бесжылдық жоспарды жүзеге асыру біздің қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыра білу қабілетімізге байланысты ? Елбасы

ҚОСТАНАЙ. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан экономикасын дағдарыстан кейін ойдағыдай дамыту, бесжылдық жоспарды жүзеге асыру біздің қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыра білу қабілетімізге байланысты, - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің ХХІ жалпы отырысында сөйлеген сөзін тұжырымдай келіп,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі. «Қажетті инвестициялар көлемін есептеу, оны қаржы көздерімен және қаржыландыру түрлерімен теңдестіру қажет. Біз мұның бәрін істей алатынымызды білемін. Сондықтан да Үкіметке бүгін айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырамын.Сөзімді аяқтай келіп, осында қатысып отырған барлық шетелдік инвесторларға былай дегім келеді.Сіздердің қатысуларыңыз, сіздердің бастамаларыңыз осында мен белгілеген тапсырмаларды жүзеге асыруда өте-мөте маңызды. Біздің бірлескен жұмысымыз барлық тарап үшін де өзара тиімді жоба болуға тиіс. Оның үстіне біздің ынтымақтастығымыздың нәтижесі елдің дамуына, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға елеулі үлес болып қосылады. Бүгінде біздің бәрімізден адамдар нақ осыны күтеді», - деді Мемлекет басшысы.