АТАКЕНТ. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Мақтаарал ауданында үйінде той жасаған тұрғындар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мақтаарал ауданы Атакент кентінің бірнеше тұрғыны карантин талаптарын өрескел бұзып, өз үйінде той-думан өткізген.
Бірі 50-ге жуық адамға қыз ұзату тойын жасаса, енді бірі 60-тан астам тұрғынға беташар тойын істеген.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері келесі бір үйде 60 адам жиналып, өткізіліп жатқан бесік тойын анықтады.
Және де келесі бір тұрғын өз үйінде 60-қа жуық туысын жинап, құдалық тойын өткізіп жатқаны белгілі болды.
Аталған жайттарға байланысты учаскелік полиция инспекторларымен тойға жиналған қауымға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тарқатылды.
Бүгінде белгіленген талапты сақтамай адамдардың көптеп жиналуына жол берген той иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабы бойынша әкімшілік іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданды.
Жанат Қапалбаева
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.