Сонымен қатар Мемлекет басшысы 2020 жылға қарай Қазақстан, Ресей арқылы Еуропаға 200 пойыз өтетінін атап өтті.
«Біз қытайлық серіктестермен келісімге келіп, Тынық мұхитына шығатын Сары теңіздегі Ляньюньган айлағында үлкен терминал салдық. Ағымдағы жылдың өзінде контейнерлік жиырма пойыз өткіздік. 2020 жылға қарай Қазақстан, Ресей арқылы Еуропаға 200 пойыз өтетін болады», - деді ҚР Президенті.