АСТАНА. KAZINFORM - Англияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасынан Бейбарыс Жексен (60 келі) 1/4 финалға шықты.
Отандасымыз 1/8 финалда үндістандық Сачинмен қолғап түйістірді. Бибарыс жекпе-жек барысында төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Енді ол өзбек боксшысы Абдумалик Халоковпен кездеседі.
Айта кетсек, бұдан бұрын бүгін ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (70 келі), Гүлсая Ержан (80 келі), Аида Әбікеева (65 келі) жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Дүбірлі дода 4-14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында өткізіледі. Жекпе-жектер «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Әлемнің әр қиырынан келген боксшылар 4-10 қыркүйек аралығында іріктеу кезеңінде сайысқа түседі. Ал 12-13 қыркүйекте жартылай болса, 13-14 қыркүйекте финалдық бәсекелер өтеді.
8 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.