«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыс беруші ауылда өз қызметкерлері үшін тұрғын үй салса, шығындарының 50 пайызын субсидиялау тетігін енгізу пысықталып жатыр. Үйдің құнының 50 пайызы мөлшерінде және жалпы ауданы 100 шаршы метрден, 1 шаршы метрінің құны 100 мың теңгеден аспайтын үйді пайдалануға бергеннен кейін жұмыс берушілердің шығындары субсидиялауға жатады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, баспана жұмыс беруші мен жұмыскер арасында 5 жылдық мерзімге жасалған еңбек шарты болған кезде ұсынылады.
«Жедел деректер бойынша өңірлерде 2 855 тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.