Бейбіт Атамқұлов Ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов Астана қаласындағы Ұлттық ғарыш орталығы жұмысымен танысты, деп хабарлайды Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты.

Орталықты аралап көрген Атамқұлов ондағы механикалық өндіріс участігіндегі бақылау-өлшеу машиналарымен, жалпақ металды өңдеу және құрастыру, арнайы ғарыштық техника конструкторлық-технологиялық бюро және ғарыш аппаратын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды тексерді.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі жүргізіліп жатқан құрылыстар, сондай-ақ Ұлттық ғарыш орталығына іргелес аумақтарды абаттандыру бойынша нақты тапсырмалар берді.