Бейбіт Атамқұлов Германияға ресми сапармен барды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Германия алдағыуақытта сапалы жаңа деңгейге шыға алатын мемлекетаралық қатынастардың барлықкешені бойынша көп жоспарлы серіктестікті арттыруға ниеттеніп отыр. Мұндай нәтижелерге ҚРСыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың ГФР-ға ресми сапары аясында неміссаясаткерлерімен келіссөздерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілді.

Қазақстан СІМ басшысы өзінің әріптесі – ГФР Сыртқы істер министрі ХайкоМаас, Федералдық президент ведомствосының басшысы Штефан Штайнляйн, «Германия –Орталық Азия» парламенттік достық тобының төрағасы, Бундестаг депутаты МанфредГрунд, Экономика және энергетика министрлігінің Парламенттік статс-хатшысыТомас Барайспен кездесті.

Неміс истеблишментінің өкілдері елімізде болып жатқан ішкі саяси оқиғаларғажоғары баға берді, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік құрылысындағы ТұңғышПрезиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өтті. Олар сыртқысаяси бағыттың жалғасы мен жаңа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіпжатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларын құптап, одан әрі табыс тіледі.

Кездесу барысында Б. Атамқұлов пен Х. Маас екіжақты қарым-қатынастыңкөпжақты форматтағы негізгі мәселелерін талқылап, «сағаттардысалыстырды».

Жоғары қызметтегі неміс дипломаты ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарынбірлесіп әзірлеуге дайын екендігін білдірді. Ол 180-мыңдық неміс диаспорасынқолдау және Қазақстанда неміс тілін үйренуді танымал етіп насихаттау үшіналғысын білдірді. Тараптар жалпы білім беру, әсіресе дуалды білім саласындағыынтымақтастықты тереңдетуге келісті.

Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі байланыстарды жалғастыру және тиістііс-шараларды ұйымдастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Министрлер сондай-ақ, Германия негізгі рөл атқаруға мүдделі Орталық Азиябойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын іске асырудың практикалық бағыттарынқарастырды. Бұл тұрғыда тараптар Ауғанстандағы жағдайды талқылады.

Екі министр де бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйлеп, Қазақстан-Германсаяси байланыстар мен экономикалық ынтымақтастықтың үдемелі дамуынақанағаттанушылық білдірді.

Ш. Штайнляйнмен келіссөздер барысында саяси ынтымақтастық мәселелеріжөніндегі сындарлы пікір алмасу өтті. СІМ басшысы әлемдік қауымдастыққа үшдиалог негізінде жаңа геосаяси шындықты құру идеясын ұсынған ҚазақстанныңТұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасын атап өтті. Өз кезегінде Ш.Штайнляйн Германияның державалар арасында диалог орнатуға мүдделі екенін атапөтті.

Бундестаг мүшесі М. Грундпен кездесу кезінде екіжақты парламентаралыққатынастар мәселелері қозғалды. Министр біздің ел басшылығының халықаралықбастамаларын үнемі қолдағаны үшін алғысын білдірді. Осы тұрғыда ол 23-24қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өтетін Еуразия елдері спикерлерінің төртінші кеңесініңжұмысына Бундестаг төрағасының бірінші орынбасары Х.-П.Фридрих қатысатанын қанағаттанарлықпен атап өтті. Неміс депутаты Қазақстанға1996 жылғы өзінің алғашқы сапары туралы айтып, еліміздің ағымдағы дамудеңгейімен салыстыра отырып, Н. Назарбаевтың зор рөлін атап өтті.

Герман экономикасы өкілдерімен келіссөздерде тараптар сауда айналымыныңөсіп келе жатқан көрсеткіштерін оң бағалады, ол 2018 жылы 5,1 млрд АҚШ долларынқұрады (Германия статистикасына сәйкес). Бұл ретте Қазақстан ГерманияныңОрталық Азиядағы басты әріптесі болып табылады – өткен жылғы сауданың жалпыкөлемі ГФР-дың өңір елдерімен сыртқы сауда операциялары көлемінің 85%-данастамын құрады. Ағымдағы жылдың соңына дейін энергетика, машина жасау, ЖЭК,химия, туризм, көлік және ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа жобалар кіретін екімемлекет арасындағы экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықтың «Жолкартасына» қол қою мүмкіндігі талқыланды.

Соңғы 12 жылда Қазақстанға Германиядан 8,6 млрд АҚШ доллар көлеміндетікелей инвестициялар тартылды. 900-ден астам бірлескен кәсіпорындар құрылып,бұл ретте нарықта «Siemens», «WILO», «KNAUF», «BASF», «MetroCash&Carry»,«OBI», «CLAAS», «Linde AG» сияқты ірі инвесторлар жұмыс істейді.

Сапар барысында Б. Атамқұловтың ГФР канцлері кеңсесінің, Германияның сыртқысауда палаталары қауымдастығының басшылығымен кездесуі, сондай-ақ неміс бизнесікапитандарымен «дөңгелек үстел» өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар