«Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді. Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және «5-10-20» жобасын жалғастыру ұсынылады», - деді министр.
Оның атап өтуінше, ол үшін жыл сайын 420 млрд теңге қажет. Яғни бұл мақсатқа 7 жыл ішінде 2,9 трлн теңге қажет болады.
«Бұл жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады», - деді Бейбіт Атамқұлов.