Оның айтуынша, XXI ғасырдағы адам дамуының басты қатері лаңкестік болып отыр.
«Біздің аймақтағы қауіпсіздікті тереңдету мақсатымен лаңкестікке қарсы күресті өз қызметінің негізі еткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымы құрылды. Ұйым өкілдерінің алдында - бірлесе күш-жігер жұмсау арқылы тек біздің аймақты ғана емес, барлық әлемді бейбітшілікпен, қауіпсіздікпен қамтамасыз ету міндеті қойылған», - деді М.Дүйсекеев.