Салмақ өлшеу нәтижесі бойынша қазақстандық боксшы 79.11 келі шықса, Бернард Хопкинс 78.2 келі салмақты көрсетті. Өздеріңіз байқағандай, Бейбіттің салмағы қарсыласының салмағынан асып түсті.
Қос боксшы Вашингтондағы DC Armory аренасында сынға түседі. Бұл жекпе-жекті Астана уақыты бойынша 20 сәуірде 03:00-де «KazSport» арнасы трансляциялайды.