Қарсыластар 12 раунд бойы күш сынасты. 11-ші раундта Хопкинс қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберді. Төреші Эрл Браун есеп ашты, алайда Бейбіт бірден орнынан тұрды. Нәтижесінде төрешілер америкалық спортшыны жекпе-жектің жеңімпазы деп атады.
Кәсіпқой рингте 55-ші рет жеңіске жеткен Бернард Хопкинс Әлем бойынша бокс тарихындағы жасы бойынша ең үлкен чемпион болып танылды. Айта кетейік, Хопкинстің жасы 49-ға келді.