«Менің Қанат Исламмен промоутер ретінде жұмыс істейтіндігім туралы БАҚ бетінде пайда болған ақпарат шындыққа сай келмейді. Ия, менің Лас-Вегас қаласында тіркелген KZ Event Productions, Inc. деп аталатын жеке проумоутерлік компаниям бар. Әрине, болашақта біздің жігіттерге әлемдік аренада жетістіктерге қол жеткізіп, еліміздің атағын шығаруларына көмектесуді жоспарлап отырмын, - деді Бейбіт Шүменов.
Естеріңізге салсақ, қазақстандық кәсіби боксшы 29 қаңтарда денсаулығына байланысты бірнеше жылға үзіліп қалған спорттық мансабын қайта жалғастыратынын хабарлаған болатын.
Бейбіттің айтуынша, қазір оның денсаулығы жақсы және шаршы алаңға жаңа қарқынмен шығуға дайын.