Оның қарсыласы американдық Дэнни Сантьяго. Қазақстандық кәсіпқой бокс шебері үшін бұл чемпиондық белбеуін қорғаудағы үшінші жекпе-жегі болмақ. Бұған дейін 1 қаңтарда американдық Шымкентте Уильям Джоппиден, ал былтыр 23 шілдедеде Лемореде украиндық Вячеслава Узелковтан мерейін асырған болатын. Бейбіт осы уақытқа дейін 11 кездесудің біреуінде ғана жеңіліс тапса, Дээни 31 кездесудің төртеуінде жеңіліп, біреуінде тең түскен еді. 19 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған бұл боксшы 1973 жылы 21-ақпанда Нью-Иоркта дүниеге келген. Кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуін 1997 жылы 6 қыркүйекте Флорида штатындағы Орланда қаласында Михаил Уаткинспен өткізіп, жеңіспен аяқтаған ол 21 мамырда Тампа қаласында болған соңғы кездесуінде Билли Байлейден (10-6-0) басым түскен еді. Ал 1983 жылы 19 тамызда Шымкентте өмірге келген Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокс шаршы алаңындағы алғашқы кездесуін 2007 жылы 17 қарашада АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Уилсон қаласында Уалтер Едуардспен өткізді. 2009 жылы 15 тамызда Астанада Әлем чемпионы атағы болған тұңғыш жекпе-жекте Габриэл Кампиллоға ғана ұтылған еді. 2010 жылы 29-қаңтарда Лас Вегаста өткен қарымта кездесуде алтын белбеуді одан тартып ала алды. Оның есебіндегі 11 кездесудің жетеуі нокаутпен аяқталған.
09:06, 24 Маусым 2011
Бейбіт Шүменов кәсіпқой бокстың WBA нұсқасы бойынша Әлем чемпионы атағын қорғайды
АЛМАТЫ. 24 маусым. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бейбіт Шүменов 29 шілде күні АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегаста Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының жартылай ауыр салмақта Әлем чемпионы атағын қорғайды.