«Жаттығу жұмыстарымның қорытынды бөлігі. Екі жігітпен ойдағыдай спарринг өткіздім. Деңгейім күн санап жақсарып келеді. Кез келген уақытта, кіммен болса да жекпе-жекке шығуға дайынмын. Шектеу қоймаймын», - деп жазды Шүменов.
Finishing part of the training after great sparring session at the boxing gym and one more workout to go. NO LIMITS!
A video posted by Beibut Shumenov (@beibutshumenov) on Jan 3, 2017 at 8:40pm PST
Шүменовтің кезекті жекпе-жегі Майамиде 2017 жылдың 11 ақпанына белгіленіп отыр. Оның қарсыласы - WBA нұсқасының «уақытша» чемпионы, кубалық боксшы Юниер Дортикос (21-0, 20 КО).
Еске сала кетейік, бұның алдында Шүменов ресейлік боксшы, WBA (Super) чемпионы Денис Лебедевті (29-2, 22 КО) жекпе-жекке шақырған. Алайда ресейлік боксшы бұған құлақ аспағандықтан, қазақстандық боксшы Дортикоспен кездесу ұйымдастыруға құлықты екенін жеткізген.
Өз кезегінде, Лебедев 3 желтоқсан күні, ресейлік Мұрат Гассиевпен өткізген жұдырықтасуда жеңіліс тауып, IBF титулынан айырылды.