Көктемде Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Виктор Рамиресті жеңген Лебедев 21 мамырдан бастап, 120 күн ішінде Джуниор Райтты нокаутқа жіберген Шүменовпен кездесу керек деген қарар шығарды.
Тараптар келісімге келмеген жағдайда қауымдастық 21 маусым күні промоутерлік сауда тағайындауы қажет еді, алайда еш нәрсе жасалған жоқ. Шүменов сауда өткізуге қайта өтініш жіберсе де, WBA ешқандай әрекет жасамаған.
«Мен Лебедевпен жекпе-жекті күттім, оның менімен рингке шығудан бас тарқанын еш түсіне алар емеспін», - деді Бейбіт Шүменов.
Лебедевпен жекпе-жек ұйымдастыра алмаған WBA қабілетсіздігіне, не промоутерлік сауда күнін белгілеу, не болмаса ресейлікті атағынан айыру туралы WBA жіберілген бірнеше өтініштің сәтсіз болуына Шүменовтің командасы ренжулі.
Еске сала кетейік, Бейбіт Шүменов - қос салмақ дәрежесінде чемпион атанған жалғыз қазақстандық боксшы.