Бейбіт Шүменов пен Кшиштоф Влодарчик сәуірде WBA чемпиондығына таласады

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA нұсқасы бойынша ауыр салмақтағы қазақстандық Бейбіт Шүменов осы жылғы сәуір айында поляк Кшиштоф Влодарчикке қарсы өзінің чемпиондығын қорғап қалу үшін сайысқа түседі. Бұл туралы поляк үміткерінің жаттықтырушысы Федор Лапин хабарлады, деп жазады Р-Спорт.

Шүменов пен Влодарчик 18 желтоқсанда Лас-Вегаста қолғап түйістіруі тиіс еді, алайда Бейбіт жаттығу кезінде жараланып қалып, сайыс өтпей қалды. Енді сауықтыру үдерісі аяқталып келеді және Қазақстан өкілі толыққанды жаттығуларға кірісуге әзір.

Кшиштофқа қатысты айтар болсақ, ол табанды жаттығуларды жалғағастыруда және рингке бір ай-айжарымда шығады, деп хабарлады Лапин.

«Әуелде жекпе-жек қаңтардың соңына ауыстырылған болатын. Менің ақпаратым бойынша Шүменовпен сайыс сәуірге ысырылды. Біз аралық ұрысты бір ай-айжарымның ішінде өткіземіз деп ойлаймын. Ұрысты өткізу қажет, әйтпесе Кшиштоф біраз уақыттан бері рингке шыққан жоқ», - деді Лапин.