Осы орайда Шүменовтің қарсыласы Алтункая Шүменовты жеңу үшін келгенін айтты.
«Бейбіт - мен үшін ең мықты қарсыластардың бірі. Мен сондай мықты боксшымен жұдырықтасқалы отырғаныма қуаныштымын. Кездесу ерекше тартысты болары анық. Мен Астанаға қарсыласымды жеңу үшін келдім. Осы жекпе-жек үшін екі айдан астам уақыт жатпай-тұрмай жаттықтым. Бейбітті құлатып, белдікті алып кетуім керек", - деді түрік боксшысы.
Естеріңізге сала кетейік, екі салмақ дәрежесінде чемпион болған Бейбіт Шүменов (17-2, 11 КО) Астанада өтетін атақ үшін жекпе-жек алдында қарсыласы Хизни Алтункая (30-1, 17 КО) арасындағы жекпе-жек 7 шілде күні "Барыс Арена" стадионында өтеді.