»Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылдың 22 тамызындағы №156 қаулысымен «Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Спортты олимпиадалық емес түрлері бойынша дамыту дирекциясы» КММ құрылды.
Мекеме басшысы болып 2023 жылдың 31 тамызында Бейбіт Ыстыбаев тағайындалды«, - деп жазды жергілікті әкімдіктен.
Айта кетейік, Бейбіт Абдрахманұлы Ыстыбаев Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік шешен ауылында 1985 жылы туған. 3 дүркін «Қазақстан барысы». Еуразия барысында алтын белдік иеленген. Жамбыл облысы мәслихатының 7 шақырылым депутаты, «Жекпе-жек» клубының директоры болған.