«Мен бір нәрсені айтқым келеді. Біз ұсынған заңға алдағы уақытта өзгертулер енгізіледі. Себебі, бүгін біраз пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, біз қазір заң жобасын қабылдасақ та, кейін осыған қайта ораламыз, оған сенімдімін. Өйткені мемлекеттік органдар да, қоғамдық белсенділер де уақыт өте келе өзгерістер енгізу қажеттігін айтады», – деді Дәурен Абаев.
Сонымен қатар, Ақпарат министрі митинг өтетін орынды мәслихат анықтайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың азаматтық белсенділермен кездесуі өтті . Онда бейбіт шеру өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралды.