Бейбіт Жұқаев Эквадордағы турнирдің ширек финалына өтті
09:45, 27 Шілде 2023
САЛИНАС. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 270-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Салинас (Эквадор) челленджер турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтау теннис мектебінің түлегі алдымен рейтингте 409-орында тұрған бразилиялық Педро Боскардин Диастың меселін қайырды – 6:3, 6:4.
Бейбіт екінші айналымда рейтингте 340-сатыдағы аустралиялық Филипп Секуличті тізе бүктірді – 7:6 (7:3), 6:3.
Бір сағат 40 минутқа созылған матч барысында қазақстандық теннисші 8 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін әлемнің 222-ракеткасы, франциялық Джованни Мпеши-Перрикармен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Гамбург турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ теннистен Президент кубогінде Михаил Кукушкин ширек финалға шықты.
Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты.