АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 256-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Пальмес дель Мар (Пуэрто-Рико) челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 340-ракеткасы, америкалық Эван Чжумен ойнады.
Бірінші партияда брейк жасаған америкалық спортшы басымдылық танытты - 6:4.
Есесіне содан кейін Бейбіт жеңістік бермеді - 7:5, 6:2.
Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Жұқаев 7 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана білді. Қарсыласы 6 эйс, 2 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.
Бейбіт Жұқаев жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 617-сатыдағы канадалық Лиам Драксльмен таласады.
Қазақстандық теннисші қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 242-орынға көтерілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен Уимблдон турнирінің жүлде қоры рекордтық көлемге жеткенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Александр Недовесов Нидерландтағы жарыста «Үлкен дулыға» чемпиондарын ұтты.
Анна Данилина Ноттингем турнирінің ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).