«Біз жаһандық деңгейде бейбітшілік пен келісім идеяларын бірге ілгерілету үшін жаңа технологиялардың барлық басымдықтарын пайдалануға тиіспіз. Бұл үшін біздің съезд базасында ақпараттық портал құру болжанып отыр. Порталдың міндеті діни радикализмнің кез келген көріністеріне және толықтай алғанда зорлық-зомбылыққа орнықтылықты нығайту әдістерін зерделеуге және қолдануға көмектесу болуы қажет», - деді Елбасы.
ҚР Президенті аталған портал жаһандық форматта діндар адамдар аудиториясымен жұмыс үшін алаң бола алатындығын баса айтты.
«Ол Жаһандық форматта діндар адамдар аудиториясымен жұмыс істеу үшін алаң бола алады. Әрдір діндар адам діни ұйымдардың, конфессиялық ағымдардың көшбасшыларына сұрақ қойып немесе ұсыныспен жүгініп, кері байланыс ала алады», - деді Қазақстан Президенті.