Бейбітшілік пен келісім - басты құндылықтар - Қызылорда облысы
Азаматтық альянс қоғамдық бірлестігінің облыстық бөлімшесі ұйымдастырған бұл шараға аймақтағы азаматтық қоғам институтының әртүрлі өкілдері қатысты. Отырысты бөлімшенің басқарушысы Дариха Ақмағамбетова ашып, тәуелсіздіктің 20 жылында азаматтық институттардың қол жеткізген биіктеріне тоқталды. Отырыста Жаңаөзен қаласында орын алған белгілі оқиғалар сөз болды. Бұл мәселе жиналғандардың ешбірін бейжай қалдырмайды екен. Сондықтан бұл туралы «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихаттың депутаты Нұрмұрат Ерманов, қалалық аурухананың бас дәрігері Асылбек Тоғызбаев, білім саласының ардагері Камаладдин Наурызбаев және басқалар тереңнен ой қозғады. Олар соңы кісі өліміне апарып соқтырған бұл бұзақылық оқиғаларды ұйымдастырушыларды айыптайтындарын бірауыздан айтты.