Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Еуроодаққа берілді

None
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - 2012 жылғы Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Еуропалық одаққа берілді, деп хабарлады норвегиялық Нобель комитеті.

Айта кетейік, бұл тізімде 231 үміткер, оның ішінде 43 қоғамдық және халықаралық ұйымдар болды.

Сыйлық 1901 жылдан бастап беріліп келеді. Ол қоғамдық-саяси және гуманитарлық қызмет саласында ең әйгілі әрі ең құрметті халықаралық сыйлық болып табылады. Биыл награданың құны 8 млн. швед кронын құрады, бұл шамамен 1,2 млн АҚШ долларына тең.