Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы медалі миллион долларға сатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бәссауда барысында бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының медалі 1 миллион доллардан астам қаржыға сатылды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлауда.

Парагвай мен Боливия арасындағы соғыстың аяқталуына зор үлес қосқан Аргентина Сыртқы істер министрі Карлос Сааведр Ламас 1936 жылы осы саяси қызметі үшін Нобель сыйлығына ие болған еді. Айта кетерлігі, 1993 жылы медаль Оңтүстік Америкадағы ломбардтардың біріне небәрі тоғыз долларға сатылған болатын, содан бері 20 жыл бойы медаль қолдан қолға өтіп келеді.