Ю.Денисенконың пайымдауынша, «Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтық институт аталуы тегін емес. Қазіргі таңда ҚР Парламентінің 9 депутаты Ассамблея құрамында. «Жұмыс істеген 9 жыл ішінде біз үлкен шараларды қолға алдық. Біз бір елдің, бір жердің ұрпағымыз.
Президент Ассамблеяға конституциялық атақ берді. Бұнда 100 ұлттың басы біріктіріліп, барлық Қазақстан бір шаңырақ астында топтасты. Екінің бірі мұндай жетістікке жеткен емес. Бұл Қазақстанды бейбітшілік, толеранттылық пен мейірбандықтың отаны етеді. Біз осынау институтты қолдап, ары қарай нығайта түсуіміз керек. Бұл тек Ассамблея мүшелерінің ғана емес, барлық қазақстандықтың мойнында», - дейді «Сарапшы-2050» қоғамдық қорының президенті. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.