АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 220-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Линкольн (АҚШ) челленджер турнирінің 1/8 финалына шықты.
Б.Жұқаев бастапқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 1472-орында тұрған жаңазеландиялық Антон Шептің мысын басты.
Бейбіт 1 сағат 38 минутқа созылған матчта 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Шепп 1 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) шектелді.
Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 134-ракеткасы, қытайлық Бу Юньчаокэтэ немесе рейтингіде 229-сатыдағы ұлыбританиялық Лиам Бродидің біреуімен таласады.
Б.Жұқаев Уимблдон іріктеу сайысынан бері кортқа шыққан жоқ еді.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 181-ракеткасы Денис Евсеев күтпеген жерден рейтингіде 1017-орындағы америкалық Купер Уильямстан жеңіліп қалды – 6:7 (3:7), 5:7.
Линкольн додасы 11 тамызда мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкиннің әлемдік рейтингіде ТОП-100-ге жақындап қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).